Туған халқым! – Толқын Қабылша

Бұл бетте «Туған халқым!» атты Толқын Қабылша жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 07.07.2020
  • 0
  • 0
  • 1347
Туған халқым!
Саған айтам барлығын,
Сен арқылы өлшенеді ар-мұңым.
Сен жасысаң,мендік жүрек уанбас,
Сенімен ортақ менің тағдырым.
Қара түгілі ханға да өзің төреші,
Мерген де өзің дөп тиетін жебесі.
«Қазақ» дейтін қазыналы ұлтымның,
Ұлан-байтақ мекенінің егесі.
Жалындасам,сендік отпен жаныппын,
Сәулесімін сен ұсынған жарықтың.
Аяласаң алпамсадай алыппын,
Елемесең, еңіреген ғаріппін.
Сен қуансаң, мен де қалам марқайып,
Дұшпаныма дес бермеймін шалқайып.
Сендегі ұлы тыныштықтың арқасы,
Кең төсіңде дамылдасам, шалқайып.
Анам да өзің,
Ақын туған арқалы,
Ақынға ел қашанда үміт артады.
Анам артқан аманатым тұрғанда,
Кешірілмес кеңге салу арқаны.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері