Күнім менің – Қалампыр Кенжеғалиева

Бұл бетте «Күнім менің» атты Қалампыр Кенжеғалиева жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 31.12.2021
  • 0
  • 0
  • 1148
Есіңде ме,
Түйдек ой тұтқиылдан
атойлап мазамды алып,
мүдірген сәттерімде,
шағынғам саған барып.
Беу, менің...
айбарлы асқар шыңым, жауһар бағым,
сен менің өміріме келген сәттен,
бастады шегінуді шалқар сағым.
Күрсініп, ой шегіне жете алмаған
күндерім сырғып кейін.
Кезіккен бір өзіңе қас қағым со сәттегі
кейпіңді көкірегіме сыр ғып түйіп,
өзіңді мен со жолы-ақ шынымен
қалғам сүйіп...
Жалғатып үмітімді жақсылыққа,
қарсы алғаның.
Ілескен жетегіңе, шегінбей алға аттаған
сәттен бастап
өзіңе әмірімен жүрегімнің,
қолымды бір ұсынған тарта алмадым.
Есімде айқын мезет – жасқана қарағаным,
мені алғаш көрген сәттен асылға балағаның,
көзіңе сынай қарап,
сөзіңнің астарына үңілгенім,
сол сәттен басталады жаңарған күнім менің,
Күнім менің...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері