Біреу үшін болайын, бар болайын – Қалампыр Кенжеғалиева

Бұл бетте «Біреу үшін болайын, бар болайын» атты Қалампыр Кенжеғалиева жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 31.12.2021
  • 0
  • 0
  • 831
Біреу үшін болайын, бар болайын,
Арқа сүйер, күш көрер нар болайын!
Біреу үшін болмайын, жоқ болайын
Көре алмастың көзіне тоқ болайын...
Қуанатын адамға ай болайын
Тамашалап жүрсінші толған айын.
Толған айдай келісті бай болайын
Көңілінің төріне жайланайын!
Арманшылға тәп-тәтті ой болайын,
Ой болайын, тербеліп толғанайын.
Бақ аңсаған жүрекпен жолықтыршы,
Жолықтыршы, тағдырым, айналайын!
Жолықтыршы, арлының арлысына,
Жолықтыршы, малдының малдысына.
Ақыреттік болатын адал досқа –
Балап жүрер жырымды таң құсына!
...Тілектестер тойласын бақытымды
Қалдырма тек ешкімнің қарғысына!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері