Күз – Қалампыр Кенжеғалиева

Бұл бетте «Күз» атты Қалампыр Кенжеғалиева жазған табиғат туралы өлең берілген.

  • 31.12.2021
  • 0
  • 0
  • 746
Естілмейді селдір сары
жапырақтар сыбдыры,
Жел уілі басым түскен
сұрғылт қабақ күз күні.
Асыр салған асау тайша
менің бұла қыз күнім,
Ымырттағы жолаушыдай
тарта түсті тізгінін.
Қарашада қара жаңбыр
долы желмен айқасып.
Күншуақты алапат күш,
жеңіп шықты шайқасып.
Аңсауы көп әуенінде
майда қоңыр баяу ән,
Көңілімнің түкпірінде
қалып қойды саялап.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері