Не айта аласың? – Қалампыр Кенжеғалиева

Бұл бетте «Не айта аласың?» атты Қалампыр Кенжеғалиева жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 31.12.2021
  • 0
  • 0
  • 765
Жүрегің алып-ұшып,
сабырмен тайталасып,
Бір есім тіл ұшында
деп тұрса, қайталасын!
Қайталасын!
Жаның тек соны қалап,
ақылмен майдан ашып,
Қайратың әдірә қап,
өзіңе не айта аласың?
Не айта аласың?
Сезімсіз өткен жылдар
Есесін қайтаратын
Тағдырдың шешіміне,
не айта аласың?
Не айта аласың?


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері