Сен қарама, жан досым, пендешілік көзіңмен – Қалампыр Кенжеғалиева

Бұл бетте «Сен қарама, жан досым, пендешілік көзіңмен» атты Қалампыр Кенжеғалиева жазған достық туралы өлең берілген.

  • 31.12.2021
  • 0
  • 0
  • 987
Сен қарама, жан досым, пендешілік көзіңмен,
Сүйе көрме мені еш күлді-көмеш сезіммен,
Ол шеңберге сыймаймын, ауқымдырақ өлшеммен
Жаратылған ғаріппін, пенделіктен тарықтым...
Мен ес тұттым өзіңді, оқшау қойып өзгеден,
Мақтау айтпа, жылтырақ семірмеймін сөзге мен,
Сенім деген тұғыр бар, ұят деген ұғым бар,
Сол екеуі жетеді, тек осыны ұғып ал...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері