Өлең, жыр, ақындар

Ағашүй

  • 31.12.2021
  • 0
  • 0
  • 950
Ағашүйде бес қыстау, зілмәңке дейді өздері,
Шүңірейген терезе – жылтыраған көздері.
Жақындамай байқалмас – терезеден жол жаққа
тұрған қарап өздері!
Оқшаудағы ауылды бес түтіннен құралған
Соңғы кезде есіме жиі-жиі, жиі алам,
Картина боп тұп-тұтас бала кезден көкейде
Сайрап ізі бар қалған...
Сиыр ферма – Ағашүй, азан-қазан төңірек.
Кешкі сауым басталды, іім-ммөө-лесіп мөңіреп.
Бұзау тартып бала жүр, бас жібіне жармасып,
Мәңгі есімде қап қойды көрген сурет алғашқы.
Ағашүйден мектепке сөмке арқалап наны көп
жәудір көздер келетін аққа тойған марқадай.
Құштарлығы солардың білімге еді әрқалай,
Ойын десе жүретін құмарлары тарқамай.
Сол ауылдың ержеткен бір ұланын әскерге
Аттандырды ел жол тілеп...
өте шықты екі жыл орындалып сол тілек.
Келді әскерден дін-аман,
тәуба, деді анасы, тәуба десті, о заман,
Тыныштықты сақтай гөр, бер, тілекті сұраған!!!
Мектеппенен ортада, Шарон ағып жататын,
Шәуіштеніп бұл өзен, күз аяғы қататын.
Паром маңы қарбалас жұрт жиналып қалыпты,
Багор дейтін қармақпен судан біреуді алыпты...
Бұған дейін көріпті мас адамның түрін кім,
Арақ деген сөзіңді алғаш сонда ұғындым,
Аққа тойып ержеткен «марқа» әскерден оралған,
Досын «тауып алыпты» көптен бері «жоғалған».
«Су кетіпті өкпеге, түрі нашар, қиналған,
арақ алды буынын» дейді, бір топ жиналған...
Сол көрініске мен бүгін берсем, баға бере алам
«Ақпен сіңген қасиет арақпенен тоналған».



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жұмекен рухы сөйлесе...

  • 0
  • 0

Мен – арқалы жырға тұғыр ем,
боркемік емес, шымыр ем,
солғын тартпайтын ғұмыр ем,
айыбым жалғыз – жалған-ай,

Толық

Тағы да сен туралы

  • 0
  • 0

Өткеннің үлесі дер едім көмілген ақиқат дерегін.
Уақыттың дауылы сен едің,
жырыңмен рухымды демедің.
Жыр жаздың шуақты себелеп,

Толық

Мүсіркей қарауға келдің бе

  • 0
  • 0

Мүсіркей қарауға келдің бе,
Қалды ма тағы өшің?
Қоламта, күл-көмеш
Іздеме сезімді,

Толық

Қарап көріңіз