Ақ құйын болсаң мені де кет бір тербетіп – Ақұштап Бақтыгереева‎

Бұл бетте «Ақ құйын болсаң мені де кет бір тербетіп» атты Ақұштап Бақтыгереева‎ жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 28.11.2015
  • 0
  • 0
  • 6491
Ақ құйын болсаң мені де кет бір тербетіп,
Ауырса жаның дауылдарға ал емдетіп.
Көлденең сөзге құлағың салма, пендеде
болуы мүмкін кем-кетік.
Күле алмай қалсаң, ойлардан ауыр іш тұнып,
Қалшылдап тоңсаң аяздар қарып үскірік.
Өзіңе қастық жасаған жанның есігін
күліп аш. Ол да күштілік!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері