Ақ сазан үркіп кеткен Жайықтаймын – Ақұштап Бақтыгереева‎

Бұл бетте «Ақ сазан үркіп кеткен Жайықтаймын» атты Ақұштап Бақтыгереева‎ жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 28.11.2015
  • 0
  • 0
  • 4373
Ақ сазан үркіп кеткен Жайықтаймын,
Ойлардан Жайық жайлы айықпаймын.
Даданың жанарынан мұң байқасам
Айдында ескегі жоқ қайықтаймын.
Не болмақ нәр татпаса шынар шыбық,
Қураса тамыры гүл сынар шіріп,
Табиғат қарғысына ұшыраған
Жағада - үш жыл бойы қуаңшылық.
Сан алуан адамдардың кеселі де,
Қазақтың
Әр кез соры бес елі ме?
Жетсе,
Егер құдіретім туған жердің
Айналып кетер едім нөсеріне.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері