Сәлем жолдап көктемнің кептерінен – Шәмшия Жұбатова

Бұл бетте «Сәлем жолдап көктемнің кептерінен» атты Шәмшия Жұбатова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 13.01.2022
  • 0
  • 0
  • 780
Сәлем жолдап көктемнің кептерінен,
Жыр жазамын Бейнеудің беттерінен.
Алатаудың басынан алып келген
Аппақ қары көңілдің кетті еріген.
Жұпар гүлі жүректің үсімеген,
Тарта берді әдемі түсіменен.
Бейнеу жаққа тағы да барсам деймін
Қалықтаған қанаттың ұшыменен.
Қауырсыны қатайған қанат барда,
Ғашық болдым тау, дала, танаптарға.
Менің асау арманым ақ желкен боп,
Жүзіп бара жатады алаптарда.
Бейнеу, Бейнеу бозарған бозыменен,
Желбірейді жейдесі, созып өлең.
Түн келгенде өзің боп оятады
Бір сағыныш қап-қара көзіменен.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері