Шалқайып, шөлім бастым бар тұмадан – Шәмшия Жұбатова

Бұл бетте «Шалқайып, шөлім бастым бар тұмадан» атты Шәмшия Жұбатова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 13.01.2022
  • 0
  • 0
  • 702
Шалқайып, шөлім бастым бар тұмадан,
Шабытым шалқып ақты-жарқын алаң.
Көтеріп аппақ жалау Күн жолымен
Адымдап келе жатыр Алтын адам.
Қып-қызыл гүл қыстырдым бар беткейге,
Асқарлы Алатауды қар кептей ме?
Кұс болып құлдилаймын, шарықтаймын,
Жамырап бүкіл ғалам тар боп кейде.
Кеудемде бір үмітім көктеп – өсіп,
Күн толы дүниемде көктем есіп,
Сыңғырлап шалқасынан қайта ашылды,
Жабылып көкірегімде кеткен есік.
Қосумен бір тұмаға бір тұманы,
Жолдарым алға қарап жұлқынады.
Дірілдеп аппақ жұлдыз омырауында,
Қанаты қара түннің жыртылады.
Шашылып құс жолында қанаттарым,
Алқынып, баса алмадым жан аптабын.
Шыңғырды құлын дауыс жүрегімде,
Тармаққа теңселді де танаптарым.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері