Мен қайта келем, мен қайта жерге оралам – Шәмшия Жұбатова

Бұл бетте «Мен қайта келем, мен қайта жерге оралам» атты Шәмшия Жұбатова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 13.01.2022
  • 0
  • 0
  • 1061
Мен қайта келем, мен қайта жерге оралам,
Бұлттарды жастап найзағайлары бораған.
Мамықтай жұмсақ жалпылдап жауса ақша қар,
Ақ қайың болып, ақ түбіт шәлі оранам.
Мен қайта келем, мұхит боп келем, теңіз боп,
Ойлайды аспан өзіммен жаны егіз деп.
Алыстан ғана тау болып көлбеп жатамын,
Бағыштап аят, жүретін болсаң мені іздеп.
Мен қайта келем, тау болып көлбеп жатамын,
Оң жақтан шығам, сол жаққа сосын батамын,
Қараңғы түнннің жарығын жүрем еселеп,
Қарайғандардың көбейтіп тұрам қатарын.
Таппадым дамыл, таба алмай қойдым еш тұрақ,
Шын іздер болсаң, табылады екен кеш мұрат.
Алдымнан шықшы бояуы қалың көш құрап,
Мен қайта келем, сен кетіп қалма, тос бірақ.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері