Хабар күтем сен жақтан жылы лепті – Шәмшия Жұбатова

Бұл бетте «Хабар күтем сен жақтан жылы лепті» атты Шәмшия Жұбатова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 14.01.2022
  • 0
  • 0
  • 1448
Хабар күтем сен жақтан жылы лепті,
Жаным жылап, сезімнің гүлі кепті.
Жапырақтар желменен сыбдыр қағып,
Жүрегімнің соғысын дірілдетті.
Неге арманға толады бүгін кеудем,
Сен жетерсің алыстан күлімдеумен.
Жаңа таңда асығып оянам мен,
Қашан сені көремін, күнім деумен.
Ерке желмен есілген сен келесің,
Жетесің ғой, мен іштей кел дегесін,
Қай жағынан қақпаны ашамын деп,
Үміт күтіп ұшасың, сенделесің.
Сәл кешіксем, күт мені босағамда,
Жетпейтіні күту ғой осы адамға.
Дидарыңды көруге уақыт берген
Тынбай алғыс айтамын жасағанға.
Өзің жақтан әдемі леп еседі,
Көкжиектің кең екен келешегі.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері