Бісміллә, сөз бастадым хақтағала – Шәмшия Жұбатова

Бұл бетте «Бісміллә, сөз бастадым хақтағала» атты Шәмшия Жұбатова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 14.01.2022
  • 0
  • 0
  • 1418
Бісміллә, сөз бастадым хақтағала,
Ақ қарға өлең жазды аппақ ана.
Әйелдің бар бақыты баласында,
Бұлбұлдың сайрар кезі бақта ғана.
Шабандоз қуанышы тақымында,
Патшаның бақ қызығы тақта ғана.
Ананың бар бақыты баласында,
Сондықтан қызықпайды жаңашылға.
Баланың ең қымбаты анасы ғой,
Сәулесі жылтыраса санасында.
Жырлаймын ана үшін де, бала үшін де
Осынау қазақтың кең даласында.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері