Ақ қайыңдар тербетіліп – Шәмшия Жұбатова

Бұл бетте «Ақ қайыңдар тербетіліп» атты Шәмшия Жұбатова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 15.01.2022
  • 0
  • 0
  • 910
Ақ қайыңдар тербетіліп,
Асығады қай жаққа?
Ғашық болып қалғандай-ау,
Жазғы жасыл аймаққа.
Жапырағы желбірейді,
Құс боп ұшып кетеді.
Көкке бұлғап орамалын,
Арманына жетеді.
Жүрегінде оты жанған
Күні кеше жалын ем.
Қайыңды өлке баурайында
Сөнген жоқпын әлі мен.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері