Өлең, жыр, ақындар

Тауға да ұрдың басыңды

  • 15.01.2022
  • 0
  • 0
  • 742
Тауға да ұрдың басыңды, тасқа да ұрдың,
Баспау үшін төбесін басқа қырдың.
Байлығыңды аңдыған дұшпаның көп,
Есігіңді абайсыз ашпа, құрбым.
Тағдыр атты өттің де сан сынақтан,
Жүрегіңді жұбаттың тамшы қатқан.
Ай астында ұлыған Бөрі тегің
Өзіңді алғы күндерге қамшылатқан.
Ай астында ұлыған Бөрі тегі,
Сені де ұсақ тірліктен жерітеді.
Жараланса жүрегің, тас шайнадың,
Ыстық демің тасты да ерітеді.
Пейіліңе беріпті кең даланы,
Кең даладан айрылсаң, нең қалады?
Не болады көз сатқан көршіңіздің
Саған ақыл үйретсе кембағалы?!
Шетсіз-шексіз осынау құм даладан,
Мың сан шырақ қалыпты Мың баладан.
Әр шырақтың түбінен тіріліпті
Сәби үні естіліп іңгәлаған.
Сені көрсе, ажал да тасаланды,
Сен туғыздың Нұртуған, Қашағанды.
Ақтау үшін олардың аманатын,
Өлме, қазақ, өлме, сен, жаса мәңгі!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Мен ғашықпын, аяулым, отты демге

  • 0
  • 0

Мен ғашықпын, аяулым, отты демге,
Отты демім отыз боп өтті менде.
Қарындастың қарақат көзі сынды
Көктем келіп қалғанда көп түменге.

Толық

Алар сыйдан әдеттегі кеш қалып

  • 0
  • 0

Алар сыйдан әдеттегі кеш қалып,
Сан соққанда жақсы адамды кеш танып,
Өң мен түстің арасында бір өмір
Өтіп жатыр ұйқылы-ояу есті алып.

Толық

Құйшы, жаңбыр, жан жүрегім сергісін

  • 0
  • 0

Құйшы, жаңбыр, жан жүрегім сергісін,
О, жаратқан, найзағайдың бер күшін.
Алтын күннің ақ шуағы алма іздеп,
Жұпар бақтың ерінбестен терді ішін.

Толық

Басқа да жазбалар