Ғашықтардың мекеніне қарай – Гүлнәр Шәмшиева

Бұл бетте «Ғашықтардың мекеніне қарай» атты Гүлнәр Шәмшиева жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 15.01.2022
  • 0
  • 0
  • 779
Самал жүгірді – гүлдерден гүлге,
Өртеніп алып, сіздегі Күнге!
Өзімді тастап, кеткенмін, мүлде,
Ғашықтардың мекеніне қарай!

Жасыл шапанды жаз болдым, бүгін,
Бұлбұлға қонған – саз болдым бүгін!
Ұшып кетуге аз қалдым, бүгін,
Ғашықтардың мекеніне қарай!

Масағын жырдың орып кетті – күз,
Сіз келіп, көкке – алып кеттіңіз!
Сарғайып ұшты – солып, тектіңіз,
Ғашықтардың мекеніне қарай!

Тау көтере алмас – қайғымды берсе,
Аққуы шулаған айдынды көлше –
Толқып ұшқанын - жанымның көрсең,
Ғашықтардың мекеніне қарай!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері