Өлең, жыр, ақындар

Жылойдан шыққан Сусанин

  • 07.06.2019
  • 0
  • 0
  • 1103
(баллада)
Тар кезеңде ел қорғаны бола білген ағаларымыз генерал Бейсен Сәтбаевка, генерал Наурыз Өтегеновке арнаймын.

1979 жылы әскери тарихшы Н.Борисов Москвада «Олар Сусаниннің ерлігін қайталады» деген кітап бастырды.Осы кітапта автор Азамат және Отан соғыстары жылдары Одақ көлемінде 52 – адам әйгілі орыс шаруасы Иван Сусаниннің ерлігін қайталағандығын көрсетті.
Таяуда Кең Жылой өңірінің перзенті Б.Бектұрлиевтің де суреті осы музейден орын алып Қазақстаннан бірінші болып еніп отыр.
«Қазақ әдебиеті» 13 ақпан, 1987 жыл

Жанталасып жатыр жау,
Жоспары күллі көкке ұшып.
Ұясы қанды тарылды – ау,
Келеді шарпып,от кешіп.
Сәтсіздік санап мұнысын,
Бір айла ойлап жасамақ.
Бейбіт елдің құрылысын,
Бомбыламақшы тасалап.
Алқапты елді мұнайлы,
Майданнан бөлу қажет деп.
Қоймастан байғұс зарлайды,
Қатесін солай түзетпек.
Ерлікті мұндай орындау,
Келеді сендей жігіттен
Деп сатқынға зұлым жау,
Білдірген сенім үмітпен.
Осылай алып бұйрықты,
Қуанышы сыймай қойынына
Агаев келіп жолықты,
Түркістан легионына.
Мінбеде маңғаз дүрдиіп,
Мастана сәлем жолдады
«Біз барар жақта Гурьев,
Таныс қой, маған жолдары.»
Ашылып айтсам сырымды,
Ембіде мұнай бар нағыз
Ағатын алтын құбырды,
Өрт салып қолдан жарамыз.
Ең маңызды жұмыс бұл,
Фюрердің өзі тапсырған
Алдында алтын күміс тұр,
Сендерді күтіп дос – тумам.
Кең Жылой, түсер құтты жер,
Адайлар мықты ол жерде
Бақыттысыңдар жігіттер,
Ереді өжет сендерге.
Қыздары сұлу көз тоймас,
Гүл өскен басқан ізіне
Жанары жақұт, гауһартас,
Шашатын нұрды жүзіне.
Шалқып бір жатсақ құшақтап,
Ләззаттың нұрын жамылып,
Дірілдеп аршын, төс аппақ,
Айтар – ау мұңын жабығып.
Өмір ғой – деді қуланып,
Атқарғандай зор міндет.
Аузынан тұрған су ағып,
Қоштады қосшы күлімдеп.
Бейшара, байғұс күліп тұр,
Сатқында бар ма, ар – намыс?
Кеудеде жүрек бос қой құр,
Қара бет, ит қой ол нағыз.
Осы бір сәтте айтқаны,
Байқамай – қайран елім, - деп ,
Агаев бірден атты оны,
Тұрмастай жерге желімдеп.
Өлікке жәймен беттеді,
Бәрі де үнсіз сазарып,
Ағады қаны қызарып,
Ажалдың осы жеткені.
Жігіт – ақ еді күнінде,
Жылойда өскен сайраңдап,
Сағынған болар үйінде,
Жол түскен сәтке қайран қап.
Агаев сұп – сұр ашулы
Айқайға салды ашынып,
Ойлаған адам қашуды,
Өледі солай атылып.
Бухарестен тынбастан
Самғаған құстай самолет
Айнала қою бұлт басқан,
Келеді серпіп тілгілеп.
Ішінде отыр әр ойда,
Өңшең сатқын, қара бет.
Тезірек жетіп Жылыойға,
Салмақшы азап мың әлек.
Ал жеттік,міне, әмір де,
Айтылды үнмен қатқылдау.
Кең дала ұқсас теңізге
Самалы сүйген салқындау.
Секіріп жатыр бір – бірлеп,
Үндерін іштей өшіріп
Кеудеде жүрек дүрсілдеп,
Құлаққа үні естіліп.
Иманқара,Қойқара,
Қадалып қос тау қалғандай,
Бұл сатқындар, қай бала,
Деп ұрсар ақсақалдардай.
Алыстан әлсіз шашырап,
Көрінер ауыл оттары,
Қасқалдақ үркіп пыр – пырлап,
Ұядан қанат қақты әне.
Мөлдіреп күміс ақ бұлақ,
Асығады қайда, япырма – ау?!
Жағада өскен жас құрақ,
Сыбдырын естіп жатыр жау.
Келеді басып еппенен
Қараңғы түнде әлгілер,
Бір жұлдыз ақты көкпенен
Қорқыныш жүрек тілгілер.
Қап – қара перде оранып
Қара бұлт,қара дауылда,
Қаруын суық қолға алып,
Бет алды бейбіт ауылға.
Шаңқылдап темір даусындай
Иттердің ұйқы бұзғаны
Болғандай бейне тосын жәй,
Дүркіреп ауыл қозғалды.
Ентігіп шығып далаға
Қарттарым шолды маңайды,
Шошынып сәби балада,
Бесікте жылап оянды.
Сағынышын жанға дәрі ғып,
Абыройын адал күзеткен.
Сүйгенін күткен зарығып,
Жеңгелер тұрды үмітпен.
Құлыным менің майданнан,
Хабарсыз бәлкім жеткені
Аналар іштей ойланған,
Жеңісте жақын өйткені.
Әттең – ай, олай болмады,
Қас жауы жетті бөрідей,
Қоршауда ұстап қорлады,
Көмбек боп орға тірілей.
Сарбазын жинап жанына
Құрмақ боп кеңес кәдімгі,
Агаев сотқар тағы да,
Қулықпен тұрды сабырлы.
Айтыңдар қане,қай жақта,
Құбыры алтын Ембінің?
Салмайын қанды азапқа,
Көрсетсеңдер – мен бүгін.
Бәрі де жұрттың тұр үнсіз,
Айрылардай елінен
Жыланған бұлттай көңілсіз,
Үркумен қайғы – өлімнен.
Ортадан шықты сол кезде,
Байшыған таудай теңселіп.
Тына қалған үн лезде,
Сыйлайтын оны жұрт сеніп
Ықпаймыз – мырза, біз сізден,
Салғанмен ауыр салмақты,
Сатқын боп өмір сүргеннен,
Ел үшін өлу,ардақты.
Қалайда елім жеңеді,
Фашизм итті, жолы алас.
Жеңісім алда келеді,
Сені де табар оңдырмас!
Намысы бойдан қашты ма,
Агаев дауыл қысқандай.
Алғанмен соққы астына,
Байшыған тұрды жасқанбай.
Жарқырап жазық маңдайы,
Шағылысып күннің көзіне,
Жанарын жаудан алмады,
Нар еді – ау, қайран өзі де!
Күш бітіп әрбір жүрекке,
Жалыны кектің лаулайды,
Жаратылған ба ерлікке,
Ұрпағы тіпті аумайды.
Еріні жаудың кезеріп,
Денесі кетті қалшылдап,
Бозарып түсі өзгеріп,
Жыландай басы қалтылдап.
Не істесе енді болады,
Қайыспас батыр халыққа,
Кек орыны қалай толады?
Қысып тұр жанды уақытта.
Атқылап мұның бәрінде,
Жоқ қылу керек көздерін,
Жүректен оқып көрдің бе,
Отаншыл отты сөздерін?!
Ал, қәне, бәрін тұрғыз да,
Атыңдар бәрін қан қылып,
Аяма сәби, ұл қыз ба,
Көз жұмып өшсін мәңгілік!
Айқай – шу,жылап балалар,
Боздаған жетім ботадай,
Қосылған өксіп аналар,
Тұншықты мұңын айта алмай.
Жоқ,жоқ атпа жұртымды,
Көрсетем мен -ақ жолыңды,
Байшығын алға ұмтылды,
Әуелі шеш, - деп, қолымды.
Таң қалып мынау сәтке бір,
Қалғаны іштей тынып жұрт,
Көргенмен олар тәтті өмір
Қыспақтар қартты зұлымдық.
Жолдар – ай,жолдар бұрынғы,
Ойларға небір бөледі.
Еске алып өткен ғұмырды,
Байшыған алда келеді.
Бір кезде осы жолдармен
Шығарған ұлын майданға,
Туған жері Қимас арман ел,
Тап болдым қандай жағдайға?
Айқасып өтпек жауымен,
Аталар даңқы ардақтап.
Алысып ұшқыр ойымен,
Толғанған іштей салмақтап.
Үш күн,үш түн, шөл құм да,
Келеді жауы бірге еріп.
Неге әкелдің,сен мұнда,
Дегені бүгін күрмеліп?
Тап осы жер астында,
Көресің мұнай құбырды –
Деп,Байшыған сатқынға,
Мысқыл күлкі білдірді.
Жол жоқ кейін, сірә да
Сатқыннан елім құтылды,
Сүрініп өзі құларда,
Бетіне жаудың түкіріп.
Дала аптап шоқтай бір,
Шыжып тұр жанды күйдіріп,
Мына шал бізді сақтай гөр,
Өлтірді – ау құмға көмдіріп.
Қарашы арам ниетін,
Ит – құсқа жем қып қалдырды,
Қастерлеп елін сүйетін,
Қарттары неткен қадірлі?!
Зар қақсып,сатқын бүлінді,
Түскендей құлап аспаны.
Су іздеп босып жүгірді,
Көл болып алдан қос сағым,
Ерлік пен ездік күрескен,
Осылай елсіз далада.
Әскер де келді көп күткен,
Байшыған қарттың ұлы алда.
Намыстың туын күзеткен.
Қалжырап әлсіз күйінде,
Қабандар кеше қағынған,
Аяққа құлап бүгінде,
Жанымды қи – деп, жалынған.
Түскенін жаудың қолға анық,
Мен балғын сонда көргенмін.
Таңменен нұрға боянып,
Туған ел,сүйді ерлерін.
Кетпейді естен ер есім,
Ұмтылмас ол бір дауыл ән.
Әулие қарттың көресің,
Ескерткішін өскен ауылдан.
Қадірлеп елі мәңгілік,
Ерлігін жырлар ұрпағы,
Есімі оның жаңғырып,
Көгінде шалқып тұр әлі!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Сан ғасырлар еркіндікке күрескен

  • 0
  • 0

Сан ғасырлар еркіндікке күрескен,
Қилы-қилы тағдыры бар мұң кешкен.
Менің сүйген қасиетті Отаным,
Әуел бастан ерлікпенен бірге өскен.

Толық

Желтоқсан

  • 0
  • 1

Желтоқсан қуат барма сенен асқан,
Сілкінтіп бодандықты түнек басқан.
Тарихтың кең төрінен сөйледің сөз,
Қазақ боп, намысы үшін арпалысқан.

Толық

Аттила (Еділ)

  • 0
  • 0

Талайдың тәж тақытын ойран еткен,
Әлемде теңдесі жоқ айбыны өктем.
Өр Ғұндар cан тайпаның басын қосып,
Өшпес даңқ қайталанбас ерліктермен.

Толық

Қарап көріңіз