Періште қанатынан – Гүлнәр Шәмшиева

Бұл бетте «Періште қанатынан» атты Гүлнәр Шәмшиева жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 15.01.2022
  • 0
  • 0
  • 724
Періштенің қанатынан қауырсын алып,
Жыр жаздым – мөп-мөлдір!
Нұрыма ғұсыл ап, тауым қуанып,
Гүл қылып, қаулатты, қайғысын шеккен жыр!

Аққуым маңғаз боп, жүзгенде,
Көл беті мамыражай демалып.
Ынтызар демін үзгенде
Қамыс сыбызғы боп, жоғалып.

Тәтті әуен қамалып, ішінде,
Тыңдаса ел – аһылап кетеді-ау!
Зар шегіп, Жамалың үшін де
Диуана – дүниеден өтем-ау!!!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері