Абайсызда атылған кесектерден

Бұл бетте «Абайсызда атылған кесектерден» атты Әлия Дәулетбаева жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 16.01.2022
  • 0
  • 0
  • 733
Абайсызда атылған кесектерден,
Оқ жыландай улаған өсектерден.
Нәпсі демі аңқыған төсектерден,
Жерігенде сезімнен есептелген.

Өзімді өзім болмасқа сендіргенде,
Көкірегімді қопарып сең жүргенде.
Төзімімнің ширығып әр талшығы
Телефонға үмітсіз телміргенде.

Минуттардан күткенде жылжымаған,
Жанарымда жазықсыз мұң жылаған
Жанталасқан сәттерде қол бұлғадың,
Көп елестің ішінен бұлдыраған.

Кездерімде көңілсіз, көзім күлген,
Бәрі көлгір екенін сезіндірген.
Түсімде де түңіліп тірлігімнен,
Есікті іздеп жүремін өзің кірген.

Жымиысың жүректі қозғағанда,
Ақылымнан адаса жаздағанда,
Әлі күнге сен жаққа жаутаңдаймын,
Жетім бота ішімде боздағанда.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Абайсызда атылған кесектерден өлеңінің авторы кім?

Әлия Дәулетбаева — осы өлеңнің авторы.

Абайсызда атылған кесектерден өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Абайсызда атылған кесектерден өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Әлия Дәулетбаева өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Абайсызда атылған кесектерден өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері