Өлең, жыр, ақындар

Ішінде жыланы бар адам

  • 10.06.2022
  • 0
  • 0
  • 448
Қауiп пенен қатер жатқан күшiнде,
зымияндық, сұмдық жатқан iсiнде, –
тойымы жоқ, қойымы жоқ ғұмыры
адам көрдiм жыланы бар iшiнде.
Бiр қанбаған құтырынған құмары,
сарсаң еткен бүлiгi мен ылаңы, –
тойдыра алмай жатты оның аранын
iшiндегi аласұрған жыланы.
Болмай бiр де қанағаты, iркуi,
тоят таппай құрдым түпсiз құлқыны, –
ашкөзденiп, ашқарақтап, апыр-ай
жұтып жатты дүниенi күн-түнi.
Жиып қойып кiсiлiктi, өрлiктi,
жиып қойып имандылық кеңдiктi, –
тонап елдiң қазынасын, байлығын
тауды жұтты, жердi жұтты, көл жұтты.
Гүлзарларым қурап қалды құм болып,
ормандарым құлап қалды күл болып,
Жылай-жылай қарғыс сiңiп ашыған
көз жасы елдiң кеткен едi у болып.
Үрей ұшып бүлiгiнен ылаңның
дала жатты қайғысында тұманның.
Қарғыс сiңген улы жасы халықтың
күштiрек қой уынан да жыланның.
Ойлаған соң өз жұмырын, өз басын
мешкей құлқын қалай өршiп қозбасын...
Бәрiн жұтып түк қалдырмай
Сонан соң
елдiң сол бiр жұтты улы көз жасын.
Ернеуiнде тұрған көр мен табыттың
тағдырларын тәлкек еттi ғарiптiң...
...Сол бiр адам өлдi ақыры
iштi де
қарғыс сiңген улы жасын халықтың.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Алматы. Тұман. Жаңбыр мен жел

  • 0
  • 0

Табиғат
Бу қазанының
Қақпағын ашып тастаған ба?—
Алматының үстін

Толық

Ақын ескерткішінің басынан өткен түнгі бір оқиға

  • 0
  • 0

Табындырған сәбидi де, атаны
жер жүзiне кеткен есiм, атағы,
көтерiлген алып ауыр шойыннан
бiр алаңда ақын тұрды қапалы.

Толық

Жусан

  • 0
  • 0

Оранған боз сағымға
көкiрегiм құм шағыл –
өзегiмде,
жанымда

Толық

Қарап көріңіз