Алматыдан оралдым Ақмешітке

Бұл бетте «Алматыдан оралдым Ақмешітке» атты Қатира Жәленова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 17.01.2022
  • 0
  • 0
  • 489
Алматыдан
Оралдым Ақмешітке,
Ақмешітке,
Туған жер талбесікке.
Біреу ұғар мұнымды,
Біреу ұқпас,
Сөз өрбітер
Неғылған жан десіп те...
Алаңдатып
Басқа жер,
Басқа қала,
Ауып жатса
Бәз біреу астанаға,
Мен отырмын
Желпініп өз-өзімнен,
Жеттім-ау деп
Ауылым – баспанама.
Күндер өтті
Дес бермей өрекпіген,
Көре алмадым
Басқадай себепті мен.
Жас ұлғайып,
Көңілің ортайғанда
Кімге болсын
Туған жер керек білем...
Жастық мені
Жыраққа алып қашқан,
Жасын жұтып,
Жыр жаздым жалықпастан.
Алматыда
Ұзақ жыл ғұмыр кештім,
Ақын болып қаламы қалыптасқан.
Ащы-тұщы өмірім екшеленген,
Келіп тұрмын
Кезімде кекселенген.
Оралып кеп
Туған жер – қазығыма,
Қажетіне жарармын деп сенем мен.
Санадағы өзгертіп сан ұғымды,
Жаңарттым мен
Дүниетанымымды.
Айналайын,
Ағайын,
Жанашырым,
Сыртта жүріп
Ұқтым ғой қадіріңді...
Туған жерін
Түсірмес есіне кім?
Келбетіңді
Кеудеме көшіремін.
Бейнетіңді көтермей,
Сенен жырақ
Ғұмыр кешсем бейқам боп,
Кешір, елім!!!
1993 жыл


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Алматыдан оралдым Ақмешітке өлеңінің авторы кім?

Қатира Жәленова — осы өлеңнің авторы.

Алматыдан оралдым Ақмешітке өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Алматыдан оралдым Ақмешітке өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қатира Жәленова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Алматыдан оралдым Ақмешітке өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері