Тұсау кесер

Бұл бетте «Тұсау кесер» атты Қатира Жәленова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 17.01.2022
  • 0
  • 0
  • 1214
Басып тұрып
Адымын байқай ма екен?
Құлап түсіп,
Тұс-тұсын жайпай ма екен?
Ала жіппен кесейін
Тұсауын мен,
Кәне, ақырын жүре ғой!
Тәй-тәй, бөпем!
Сәби жүзің нұрланып
Арайлана,
Алға аттай ғой!
Артыңа қарайлама!
Осынша адам
Тұрғанда тамашалап,
Қанатыңды жазбайсың
Қалай ғана?..
Қуанышын жүрудің
Алғаш, бөпем,
Сезінерсің...
Қанатың талмас па екен?!
Құлаймын деп қорықпа,
Өзіңе сен!
Қадамыңды байқайын...
Қаз бас, бөпем!
Күн нұрына
Толтырып жанарыңды,
Қара жерге
Тигізбей табаныңды.
Құлдыраңдап
Ертең-ақ жүгірерсің,
Құдай оңдап
Алғашқы қадамыңды!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Тұсау кесер өлеңінің авторы кім?

Қатира Жәленова — осы өлеңнің авторы.

Тұсау кесер өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Тұсау кесер өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қатира Жәленова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Тұсау кесер өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері