Кек және кешірім – Фариза Оңғарсынова

Бұл бетте «Кек және кешірім» атты Фариза Оңғарсынова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 26.01.2022
  • 0
  • 0
  • 1608
(аударма)

Өкпе шоғын тұтандырмай
біз сараңбыз кешіруге.
Мейірімді ол жұтар құмдай,
жұтар ақыл шешімін де.
Ашу қысса қанды буып,
шығар жанның есі мүлдем.
Жан-дүниең жаңғырығып
тазарар тек кешіріммен.
Ыза - жалын, ашу - тамұқ,
сені азаппен сынары анық.
Сен өртенсең жасың тамып,
тек мейірім шығар алып.
Дұшпаныңның кесектерін
(кесек атпас құзғын бар ма),
жапқан жала-өсектерін
лақтыр бәрін құрдымдарға.
Кешір, уды төкпе өңештен,
есең кетсе бір есерде.
Жандарыңнан өкпелескен
кешірімді сұра сен де.

АНДРЕЙ БЕЛЯЕВ


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері