Көкпар – Фариза Оңғарсынова

Бұл бетте «Көкпар» атты Фариза Оңғарсынова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 26.01.2022
  • 0
  • 0
  • 2264
(аударма)

Батырлар шықты тебініп,
жалтылдап аттың жанары.
Баурайды жұртты тек үміт,
жүректері де жанады.
Кең дала, сен де жаңғырық,
тұяқтар тілсе, жер шыдар.
Қапыда қалма ал, жігіт,
көкпарда сені ел сынар!
Әркім де жеңісті армандар,
жеткізбе — терлер төгілсін,
соңыңда қиқу салғандар
шаңыңа сенің көмілсін!
Көрдің бе — халық тұр қарап,
көкпарды қолдан түсірме.
Қол соғар саған уралап
жігерің, ебің үшін де!
Даланы жапсын мұнар шаң,
қамшы бас, онысыз тағар сын.
Көкпарды қолдан шығарсаң,
бармақты шайнап қаларсың!

МҰХАМЕД ӘЛИ


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері