Олар өлең оқиды – Фариза Оңғарсынова

Бұл бетте «Олар өлең оқиды» атты Фариза Оңғарсынова жазған поэзия туралы өлең берілген.

  • 29.01.2022
  • 0
  • 0
  • 1584
(аударма)

Қадалғанда сенің жарқын жанарың,
жырларымның шатастырдым беттерін.
Әуенінен жаңылғандай бар әнім,
ақылымды қарға көміп кеткенің.
Әлгі перде не деп кетті? Бұл неден?
Қайтер ең сен сезіміңді таптаса?
Тек кітапта - ертегі мен жыр деген,
ал өмірде - мылжың, бәрі басқаша.
Бір мен үшін бұл өмірде бұлт, аспан,
жырларым да, жүрегімнің әні де,
түнек түн де, үшқындар да нұр шашқан –
тек өзіңмен байланысты бәрі де.
Қаталданба, еркелетші, жарығым,
Келемеждеп күлкі етесің несіне.
Ұмыт болған қатерлі оттың жалынын
салма менің есіме!

АЛЕКСАНДР БЛОК


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері