Қаңтардың жарып құрсағын – Фариза Оңғарсынова

Бұл бетте «Қаңтардың жарып құрсағын» атты Фариза Оңғарсынова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 29.01.2022
  • 0
  • 0
  • 1199
(аударма)

Қаңтардың жарып құрсағын,
жылжиды тамшы қақтардай –
бейне бір дүние - нұр сағым
ұстатпай ағып жатқандай.
Менің де жаным қаңтардай
өзіңнен ғана тапты нәр.
Жылуың сенің жалтармай,
жүректі Күн боп қаққылар.
Жүрегім - дабыл. Күн - суық.
Тамшыға не жоқ бұл шақта?!
Бұрқасындарға тұншығып,
аязға тоңып тұрсақ та!
Жалғанның барлық тірлігін
өлшеймін сендік болмыспен –
жылуың - менің күн нұрым,
ашуың тектес әр қыспен.
Ерудің осы мәні не?
Жылусыз мен де семер ем.
Құбылыстардың бәріне
сенбеймін бірақ неге мен?
Жанымның мұзы тым қалың,
еруі де оның қиын-ды.
Жүректі қинап түрғаным,
сұрақтар шырмап миымды.
Тамшыда ой жоқ бұл жайлы –
сорғалап жатыр мүң қалмай.
Ал мені аяз тырнайды
қасірет төніп тұрғандай.

ИВАН ДРАЧ


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері