Неткен сұмдық түсінбеу – Фариза Оңғарсынова

Бұл бетте «Неткен сұмдық түсінбеу» атты Фариза Оңғарсынова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 29.01.2022
  • 0
  • 0
  • 1395
(аударма)

Неткен сұмдық түсінбеу:
бір-біріне жаны жат құдды бөтен,
сөйте тұра құшақтап аймаласқан.
Түсіну де дәл сондай сұмдық екен –
әр қимылдан, қабақтан, жай қарастан.
Жаралаймыз жанды біз:
Ұғыспаудан жүректі жылатқан ем,
Көп түсінсек -
қайғысы ол да бастың.
Сенің нәзік жаныңды бірақ та мен
ұқпасам да, ұқсам да қорламаспын.

ЕВГЕНИЙ ЕВТУШЕНКО


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері