Қуаныш – Фариза Оңғарсынова

Бұл бетте «Қуаныш» атты Фариза Оңғарсынова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 11.02.2022
  • 0
  • 0
  • 2290
(аударма)

Мен жазамын өлеңді
Қарапайым жандарға
Талпынатын арманға
Нан мен судан өзге бір
арманы жоқ жалғанда.
Көңілі аппақ кіршіксіз,
Жаны таза ардан да.
Мен жазамын халық үшін
Оқып бір күн жырымды,
Естиді одан бір үнді.
Не қуантты, жылатты –
ұғады олар сырымды.
Егіншінің көзінен
От ұшады жалындап,
Мұңсыз күнін сагынбақ.
Балықшы да үмітпен
Кетеді алға адымдап.
Айтады олар мен жайлы
Дос екен-ау бізге деп,
Сол жетеді. Ойым жоқ
Басқа бақыт іздемек.

ПАБЛО НЕРУДА


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері