Мен осында қаламын – Фариза Оңғарсынова

Бұл бетте «Мен осында қаламын» атты Фариза Оңғарсынова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 13.02.2022
  • 0
  • 0
  • 1286
(аударма)

Қанды қанжар түйрелсе де қаншама,
қаншама рет талықсысын тамсана –
Атамекен аман қалсын әйтеуір,
оның нұры жетеді ғой баршаға.
Басқа жақтан қаңғып келген
талай-талай аш-арық
біздің жерде тойынды ғой жасарып...
Енді мұнда тынышсыздау болса егер,
әнін салып кете берсін еліне,
жиған-терген байлығына шашалып.
Жаңа өмірдің шырқау үшін жаңа әнін;
қолымызға жаңа тиген өзіміздің даланың
көкірегіне гүлдер егу үшін де
керек емес басқа мекен, басқа елің,
мен осында қаламын.

ПАБЛО НЕРУДА


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері