Өлең, жыр, ақындар

Шыңғыстау – тағзым етер нұр тұрағым

  • 19.02.2022
  • 0
  • 0
  • 1476
ТЕБІРЕНІС

Бар еді жыр-пырағым Шабыт деген,
жалында ойнаушы едім жанып денем,
үркектеп қарайтындай маған бүгін,
шабытым жырақтады не ғып менен?
Мал жиып, жоқтан барды құрамадым,
досым да, жолдасым да – қыран-әнім.
Жыр-пырақ жеритіндей не күнәм бар,
мен мүмкін тұғырымда тұраладым?
Тұманға тұмшаланып нұр алабым,
жанарын жасырғандай ғұлама-күн.
Жаутаңдап жеңгелерім жетім қыздай,
естіледі әлдеқайдан жылаған үн.
Жан едім ойым мөлдір, затым бұла,
кешірмес, ақ болмаса, жақынды да.
Ұлты-ақша, шындығы-ақша мына заман
мені де күнәларға батырды ма?
Болса да не бір дөкей тақымы нық,
көрмеген көлденеңдеп жаты ұрынып,
әуелден Жыр-пырақтың әдеті бұл –
кететін тойынғанды атып ұрып.
Жанымның шуағы аз да, бұлты қалың,
Шыңғыстау-тағзым етер нұр тұрағым,
жанымды тазарт менің тұмандардан –
қайта бір құйындасын жыр-пырағым!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Алғашқы сабақ

  • 0
  • 0

Толдым жеті жасқа мен,
қош айтыстым бақшамен.
Келдім алғаш сабаққа,
келді Нұрлан, Жанат та.

Толық

Диалог

  • 0
  • 5

- Сенсіз қалай күнелтем -
үйленейік, жүр, еркем!
- Мен сүймесем, не етеміз?
- Әлі-ақ сүйіп кетеміз,

Толық

Ресторанда

  • 0
  • 0

Сол бір кеш болды ма өзі,
болмады ма -
білмеймін. Бірақ есте қалар мәңгі:
Таңғы нұр боз аспанды торлады да,

Толық

Қарап көріңіз