Ақыл – Фариза Оңғарсынова

Бұл бетте «Ақыл» атты Фариза Оңғарсынова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 19.02.2022
  • 0
  • 0
  • 1841
Жанамалап жандарында жүрмесең,
көзге түсіп, құнжыңдауды білмесең,
пасық-сасық саясатын, қылығын
құптаған боп күлмесең,
әкімдерге жағамын деп дәметпе
салма өзіңді әлекке!
Жүгенсіздер сөз сөйлесе құлшынып,
аңқау халық жиылады ұмсынып,
сонда әкімдер желөкпеден жасқанып,
қыпылдайды қымсынып
«былығымды айтып қояр елге» деп,
жүгенсізге жалбақтайды дөңгелеп.
Адал болсаң, асқақ болсаң, оңбадың –
ала қарға әулетінде болғаның.
Жағымпаз боп жандарында жалбақта,
не елірген дарақы бол, арды атта –
әкімдерге сонда ғана жағасың,
сонда оларға қадірлісің, дарасың!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері