Сәкеннің ұлы

Бұл бетте «Сәкеннің ұлы» атты Фариза Оңғарсынова жазған махаббат туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 19.02.2022
  • 0
  • 0
  • 1412
Күн кешіп келеді елім былағайлы,
тумады бізге әйтеуір күн арайлы.
Мариям – ақын апам марқұм маған,
айтып еді жылап тұрып мына жайды.
…Кез еді ол – қара-қара, ақ та қара,
қоғамда шындық жоқта бақ қона ма?
Сәкеннің сүйген жарын бір топ солдат
Көкшеден келеді айдап Ақмолаға.
Ойпыр-ай, замананың күші ағын ба,
жеңгеміз батып терең құса-мұңға
пойызда келе жатты жадап – жүдеп
үш жасар жалғыз ұлы құшағында.
«Сәкенім, келсеңші, - деп, - тозды жаным»…
күбірлер белесіне боз жылғаның.
Сезбеді ол сырқат ұлдың жол үстінде
алдында жатып мәңгі көз жұмғанын.
Жер сұрғылт, көк те сұрғылт мұңайғандай,
қаптаған қанден, жерде құмай қалмай.
Солдаттар жас денені алды тартып,
Гүлбарам жатты талып жылай да алмай.
Кеудесін жеңгеміздің зар мекендеп,
өлгенше өксіп өтті «жан көкем» деп,
асылдың тұяғындай жалғыз ұлдың
сүйегі қай жырада қалды екен деп.
Шындық жоқ бұл күнде де, майданда әркім,
тірліктің заңы ма бұл, қайран қалдым.
Ей, тағдыр, кім береді шын жазасын
тарихта әділеттен тайғандардың?
1997


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Сәкеннің ұлы өлеңінің авторы кім?

Фариза Оңғарсынова — осы өлеңнің авторы.

Сәкеннің ұлы өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Сәкеннің ұлы өлеңі не туралы?

Бұл шығарма махаббат туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Сәкеннің ұлы өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері