Тебіреніп жүрегіңнен жыр арнадың
- 0
- 0
Тебіреніп жүрегіңнен жыр арнадың,
көп мезгіл жылылығын ұға алмадым.
Мен саған үміт артар сөз бермедім,
сонда да ынтық болдың, өзгермедің.
Бұл бетте «Баянауыл, Баянтау» атты Фариза Оңғарсынова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Тебіреніп жүрегіңнен жыр арнадың,
көп мезгіл жылылығын ұға алмадым.
Мен саған үміт артар сөз бермедім,
сонда да ынтық болдың, өзгермедің.
Сыбырлай сүйіп самал жел,
толқытты жанды несіне?
Жұпарын шашып көгал бел
шақырды кімді төсіне?
Кеудеңмен көтерсең де нелер жүкті,
қыңбайсың, паш етесің тек ерлікті.
Мен де бір тылсымдарға бет алып ем –
бер маған өзіңе тән тереңдікті!
Басымды айналдырды-ау мұң аптабы,
еніп ем тәтті қиял құшағына.
Жаныма жақындамай жырақтады
арманым ақ сағымға ұсады да.
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі