Өлең, жыр, ақындар

Жүрегімнің келеді жорамалы

  • 23.02.2022
  • 0
  • 0
  • 932
Жүрегімнің келеді жорамалы,
түсінгем жоқ өзім де оған әлі;
ал кетіскен достардың бәрі маған
түбінде бір қайтадан оралады.
Өкінішке оранып жүректері,
жан болмысы, сезімі тілеп мені,
үйіріне оралған жылқыдайын
жуас, ойлы, келеді жүдеп, тегі.
Сонау күні себеп қып бір өкпені,
достығымды, жанымды күл еткені,
ұйқым менен күлкімді тонап алып,
жүрегімді қопсытып мұң еккені;
есалаң боп, келе алмай шешімге де,
барды екен деп бұл жайға досым неге,
оны қимай күнәға, кесірге де,
айыптағам өзімді, басқаларды…
сарсаң күнім ұмыт па, есіңде ме?
Зарығудан түн болып барлық таңым,
быт-шыт қылған денемнің қалдықтарын
құрастырып, қайтадан адам бола
бастағаным…
Осыны бар ма ұққаның?
Арманды Ақансерідей құлап әнім,
«құс жастықты құшақтап жылағаным»,
тәй басқаным сүйретіп сүлдерімді.
Бүгін тағы балаша қуанарым –
талай күндер өтсе де не бір алаң,
келуі емес бас иіп кері маған –
кеше, бұрын достасқан жандарымның
болмағаны, әйтеуір, тегін адам!
1984



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Ленин туралы ода

  • 0
  • 0

Революция қырықта.
Дәл қырық жыл жанғанына
жердегі бар үміттің.
Осынау жас - кемел шағы жігіттің.

Толық

Шығарып салдың мені

  • 0
  • 0

Шығарып салдың мені:
аэропортта – ызы-шу, жан дүрмегі.
Қуаныш, мұң алмасып көңілімде,
жүрегімнің басталды бал күндері,

Толық

Заман перзентінің үні

  • 0
  • 0

Сұмдықтың бәрі – ішімде
жылтырап жүрген сыртым тек.
Ескерткішке ұқсас мүсінге
жақындай алмас жұрт үркек.

Толық

Қарап көріңіз