Толқындар бұрқанады – Фариза Оңғарсынова

Бұл бетте «Толқындар бұрқанады» атты Фариза Оңғарсынова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 23.02.2022
  • 0
  • 0
  • 1266
Толқындар бұрқанады
бірін бірі тепкілеп, шалып жығып,
буралардай тістескен санын жұлып,
бейкүнәсіп қараған дүниенің
алдамшы, жат қылығын – бәрін де ұғып,
жібергісі келгендей қағындырып.
Сумаң жел де жылмаңдап – таныс
қылық –
баяуласа толқындар – тағы ысқырып,
қойға қасқыр тигендей айтақтайды
бір-біріне соқтырып, алыстырып,
ақкөз толқын өршиді онан сайын,
қанталаған жанарда намыс бұғып.
Жүйріктердей жаратып таң асырған,
тепкісінен толқынның жаға сырдаң.
Теңіз – жынды
сағынып сені күткен
кездердегі мен сын-ды аласұрған.
Арнасынан шығам деп арпалысып,
сосын сұлық жатады шарасыздан...
1976


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері