Өлең, жыр, ақындар

Есті боп жүргенде есер, мақұлдар да

  • 23.02.2022
  • 0
  • 0
  • 959
Есті боп жүргенде есер, мақұлдар да,
өзінен жұртқа ауысар ақыл бар ма.
Адамдар – есерің бар, мақұлың бар,
немкетті қармаңдар ақындарға!
Басады аршымасаң тасты құмдар,
ескергін боксшың бар, бастығың бар –
ақынның бірегейі, ортасы ма –
бәрінде тәтті мұң бар, ащы мұң бар.
Мұң барда – көрегендік, ақыл да бар,
ой да бар даналықпен жақын қонар,
бірлік бар, бірлік барда халқың да бар,
тілің бар, тілің барда затың қалар.
Жаттап ал, жырларының білме бәрін,
тек жанын жаралама, кірлеме әрін.
Ақынның жаманы да
тірі жүрсе
сатпайды еш уақытта тіл мен әнін!
Бөріні тоқтыңды алған тақымдадың,
менің де бір тоқтыға татыр мәнім.
"Өлмесе, өрем қапсын!" –дейтұғындай,
адамзат, сансыз емес ақындарың!
Қару ап, жүрмесе де қол басқарып,
шығады ол қалың жаудан жолдасты алып.
Елі үшін елден бұрын аласұрған
ақынын аласартар болмас халық!
1985



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Білемін

  • 0
  • 0

Білемін:
сүйем сүйсем әйтеуір құлап-талып,
дүниенің барлығы жырақ қалып.
Сені мен мен түсінер жай туралы

Толық

Поезда

  • 0
  • 0

Зулайды поезд ырғалып,
қараймын кербез далаға.
Көтеріп көкке шыңдарын,
көрінді таулар ақ ала.

Толық

Ән

  • 0
  • 0

Бұл ән жазылды
түнді бүркеніп,
таң шапағын аласұрып күткенде,
ақырғы дем біткенде,

Толық