Қарсы алдыңда отырмын балқып жаным – Фариза Оңғарсынова

Бұл бетте «Қарсы алдыңда отырмын балқып жаным» атты Фариза Оңғарсынова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 23.02.2022
  • 0
  • 0
  • 1309
Қарсы алдыңда отырмын балқып жаным,
сезім тұр тасығалы,
жанардағы найзағай жарқылдарын
кірпіктер жасырады.
От ұшқындар шашырап жанарыңнан
көзімді тайдырады.
Көңіл — толқын алқынып жағаны ұрған
екпіні айнымалы.
Мен білмеймін: әлде бір қорқу бар ма,
ерік жоқ санамызда.
Әлде мынау аппақ жал толқындарға
көміліп қаламыз ба?…
1982


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері