Дос – Фариза Оңғарсынова

Бұл бетте «Дос» атты Фариза Оңғарсынова жазған достық туралы өлең берілген.

  • 24.02.2022
  • 0
  • 0
  • 4386
Менің досым Нұралы
бізбен көрші тұрады.
Бірге ойнаймыз күнде біз,
мектепте де біргеміз.
Киноға бір барамыз,
бірге қармақ саламыз.
Ол жоқ болса, апасы
не әжесі, атасы:
"Қайда жүр?"— деп елеңдеп,
сұрайды оны менен көп.
Төбелесіп қалмаймыз,
міне, біздер қандаймыз!
1973


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері