Ұстазыма – Фариза Оңғарсынова

Бұл бетте «Ұстазыма» атты Фариза Оңғарсынова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 24.02.2022
  • 0
  • 0
  • 2874
Жазу білген балаға
қарайтынмын қызығып.
"Хат жазшы,— деп,— ағама",
баратынмын жүгіріп.
Кітаптарды қолға алып,
үңілетін едім мен.
Оқи алмай қорланып,
түңілетін едім мен.
Хат та жазам ал, міне,
жалынбаймын ешкімге.
Оқып берсем әңгіме,
әжем құштар естуге.
Жақсы оқуды үлгі еткен
бала бол деп тіл алғыш,
Бәрін маған үйреткен
ұстазыма мың алғыс!
1973


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері