Суретші – Фариза Оңғарсынова

Бұл бетте «Суретші» атты Фариза Оңғарсынова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 24.02.2022
  • 0
  • 0
  • 3382
Мен сурет саламын.
мен сурет саламын,
салғаныма қуанып,
өзім де таң қаламын.
Жалаңаяқ қыз бала
жүгіреді жылғада.
Домбырашы жігіт тұр,
айналасы — гүл дала.
Алыс жолға қарады,
жігіт ұзап барады.
Биік шыңдар жырақта,
қар жамылған қабағы.
Киіз үй. Қыр. Ауыл да
көміліп тұр сағымға.
Көкорайда от жағып,
атам отыр жанында.
Соның бәрін саламын,
өзім де таң қаламын.
Бояу, қағаз, келіңдер,
маған көмек беріңдер!
1978


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері