Серт – Фариза Оңғарсынова

Бұл бетте «Серт» атты Фариза Оңғарсынова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 27.02.2022
  • 0
  • 0
  • 1475
Заңғар тауларға қараймын,
қараймын шырқау шыңдарға.
Алдымда өмір — ақ айдын
мені де салар сындарға.
Ұмтылсам алға жасымнан,
армандай шыңға шығармын.
Ерлікпен даңқын асырған
ержүректерге ұланмын.
Сүйсінер маған жұрт әлі,
арманым — асқақ шың асқар.
Мен үшін өнер шырқауы –
Бибігүлдер мен Күләштар.
Аялап күтіп мені елім,
сәулесін шашты нұр таңдар.
Мен үшін ерлік дегенің –
Бауыржандар мен Сұлтандар!
Жаныма содан от алдым,
ерлікке баулыр далам кең.
Батырлар өскен Отанның
өркені боп қалам мен!
1985


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері