Жаға жайда – Айтуар Өтегенов

Бұл бетте «Жаға жайда» атты Айтуар Өтегенов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 06.07.2019
  • 0
  • 0
  • 1192
Махаббатың гүл атса,
Мөлдір болып арыңыз.
Көңіл нұрға құмартса,
Жағажайға барыңыз.
Аршын төсте қос алма,
Әп-әдемі бұлтылдар.
Дейсің неден жасалған,
Құралай көз сылқымдар.
Әсем әуен күлкіден
Төгіледі. Ал тыңда.
Аққу болып сілкінген,
Көміледі толқынға.
Деп таңданба, бұл неге?
Жастың көңілін жас ұғар.
Жаға жайда
Шілдеде,
Сұлулық галереясы бар.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері