Сүйдім сені – Фариза Оңғарсынова

Бұл бетте «Сүйдім сені» атты Фариза Оңғарсынова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 01.03.2022
  • 0
  • 0
  • 2277
Ұнатып ем,
гүл атып ем
орнағандай жаныма Күн.
Күйіп-жанған
сүю де — арман.
Сол кез әлі сағынарым,
жабығамын.
Жанып денем,
жаным деген
күндер есте, түн арбайды.
Сүйген жүрек
сені тілеп,
әлі ешкімге жұбанбайды,
жұбанбайды.
1991


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері