Мықты болса ұлдары – Фариза Оңғарсынова

Бұл бетте «Мықты болса ұлдары» атты Фариза Оңғарсынова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 01.03.2022
  • 0
  • 0
  • 1671
Қызғалдақтай қырдағы,
қыз Құртқадай жырдағы
қыздар сұлу көрінер,
құтты болса құндағы,
алтын құндақ елінің
мықты болса ұлдары,
ұлдары асқар тұлғалы.
Қыздың көңілі жүдесе,
ақ босаға сынғаны,
босағадан басталар
ата-жұрттың шыңдары,
аласарса шыңдары,
аруақтардың ұрғаны!
Гүл семсе, жер қуарып дала сырдай,
елге сын-қыздар жүрсе бағы ашылмай.
Жігіттің несі жігіт
қыз баланың
қорғаны бола алмаса ағасындай?!
Қазақтың дарқан болса кең даласы,
бабасы — ер, сыйлы болған елге анасы.
Көз тартар хор қызындай арулары,
халқының есті болса ер баласы.
1991


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері