ТА... МА... ША

Қазақша өлең мәтіні, өлең жолдары және толық нұсқасы.

  • 17.03.2022
  • 0
  • 0
  • 750
Жерлесім!
Жерден жырақта
Зауладың кеше жекеше.
Жете алмай қиял жүр артта,
Енді сен оздың екі есе.
Жүрегің соғып қос-қостан,
Жай тапты жерде жан қызық
Жоғалды бүгін космостан
Үрейлі мұңлық, жалғыздық.
Мұңлыққа жерден бас салды
Мұхиттай ар мен бай намыс.
Онда да барып басталды
Орысша тығыз байланыс.
Осылай бepciн жемісін
Жердегi неше жыл ойлау!
Масқара — жерден жеп-ішіп,
Аспанды улау, ылайлау!
Күңкілге мұны жорыма, —
Күлліңіз айғақ, барсыздар:
Бақыттың ұзақ, жолына
Ине де шашты-ау арсыздар!
Министр мистер лажсыз,
Басынды бүгін изерсің!..
Шындық пен даңқтың тілi ащы,
Күншілдің, жаны күйзелсін!..
Гүлдерден нәрлі шыр таңдар
Арадай арты шеңберде,
Отандас достар, шырқаңдар!
Жер-ана cepiк сендерге!..
Сендерге cepiк әлемде
Ақпейіл адам жүрегі.
Та... ма...ша болды-ау!
Бәлемді!..
Жүрегім ceзіп жүр eдi.
Төртеуге төртеу жөн ертең. ..
Cepтiмiз бepiк ұстанған.
Талайды көзбен жөнелтем
Тағы да Қазақстаннан!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

ТА... МА... ША өлеңінің авторы кім?

Хамит Ерғалиев — осы өлеңнің авторы.

ТА... МА... ША өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін онлайн оқуға болады.

ТА... МА... ША өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Хамит Ерғалиев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

ТА... МА... ША өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні мен шумақтары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері