Өлең, жыр, ақындар

Қызығым-ай...

  • 22.03.2022
  • 0
  • 0
  • 647
Құрдасым-ай, аз қалған құрдасым-ай,
Баурай берсек еңіс пен қырды осылай,
Біздi туған баяғы көне қыстау
Қунар еді-ау,қомағай қордасынбай!
Айтар eдi-ay қызықты ұмытылған,
Одан бepi кім ұтып, кім ұтылған?
Бүгінгіден басқаша төбемізде
Махаббаттың масайрап күні тұрған.
Сүйісуден бөлектеу көшедегі,
Әлі есімде әсемдік кешеді елі
Жармасса да зұлымдық
азбай-тозбай
Имандылық көгерткен көсегені
Күндерім-ай көргенше ынтығатын,
Көрсем жүрек көмейге үн тығатын.
Артық лебіз айтуға аяйтұғын,
Жеңгелікке жүретін құнтты қатын!..
Жоқ eдi ғой ол кезде ажыраспақ.
Бәрінен де сол шындық әзip асқақ.
Тал түбінен тастанды бала жылап
Қыс пен соны тұр бүгін жаз растап.
Жалғыз перзент соңы жоқ сорлағанда
Көрген сайын қасірет сол маған да.
Жапырағын жайғызбай қазан ұрса
Соның соны қайтеді солмағанда?!
Басыр болмай, көзіңді аш, көне қыстау,
Көргендіден қажет қой көмек ұстау.
Қызығым-ай, сен жаққа көз жіберіп,
Мүмкін емес бip ауық бөлек ұшпау.
Жазы — тулы, соңында күзi — құмай,
Заулап өткен жаны пәк қызығым-ай!..
* * *
Жақсы күнім өзінше бүгіндері
Ертеңімнің тасыған жүгін бepi.
Бағымызға бар, шүкip, тыныштықтың
Аспанымен жазбаған жұбын жері
Еркін өмip паш eтіп ел eciмiн,
Басталғалы жылым тұр келесі мың.
Имандылық қайтадан оралар деп
Күтіп тұрмыз келуін кемесінің.
Атар болса кәззапты жатсынып таң
Жамандық та қорқады жақсылықтан.
Отаршылдар індетін жүре бермес
Тамырына жамаудай жапсырып қан.
Қалып жатыр айғай-шу арты жырақ,
Болсақ дейміз біз одан артығырақ.
Бipaқ... Бipaқ.. Улап-ақ тастап еді-ау
Кешегінің өтірік анты бірақ...
Жо-жоқ! Одан күймеген ауыз бекер,
Өтті ғой күн туыстан жау іздетер.
Өзін құртып кім жеткен мұратына,
Ол жайлы да артқыға аңыз кетер.
Сенем соған!
Ант eтiп нан ұстаған
Құдайдың шын құлдары таныс маған.
Адам шіркін адам ба махаббаты
Оттан ыстық ойшылмен табыспаған?!
Қиялым-ай, әр саққа алып ұшқан,
Жаралмаған әлжуаз арығыштан!
Сақтан бірақ, пейілім, пенделерден
Бітімі мен білімі — бәpi мыстан!!!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осылай сайран салып өзім өтем

  • 0
  • 0

Қаныммен жаулап алаған қайран бағым,
Қанжардай қажет дейді қайралмағым.
Iciм не күн мен түнде, келе берсе
Бетінде ақ қағаздың сайрандағым.

Толық

Нағыз кісі

  • 0
  • 0

Kici керек кімге де, кici керек,
Жүзі жарқын, ізетті iшi зерек.
Одан көрген жақсылық оныкі емес,
Бабасының бастан-ақ ici дер ек.

Толық

Жақсы лебіз - жарым ырыс қана ма...

  • 0
  • 0

Адам — ағзам, жүректен жүpiп қанға,
Жақсы лебіз жан сызын жылытқанда.
Іс пен iшiн ел сүйген eтiктiгe
Терең теңіз келместей жұлықтан да.

Толық

Қарап көріңіз