Үйіме тағы гүл келді – Шөмішбай Сариев

Бұл бетте «Үйіме тағы гүл келді» атты Шөмішбай Сариев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 30.03.2022
  • 0
  • 0
  • 796
Үйіме тағы гүл келді,
Кеудеме менің нұр берді.
Осы емес пе, бақытым,
Бақытын ұстап, кім көрді?!
Үйіме тағы гүл келді,
Кеудеме толы жыр берді.
Жүрегім, толқып теңізім,
Толқындар атып, түргелді!
Үйіме тағы гүл келді,
Жаңа бір өмір жыл келді.
Шалқып бір тағы жырлайын
Жырламай кайтем, тіл берді!?
Бақытын ұстап кім көрді,
Қуаныш сыйлап, мұң берді.
Толысты тағы бір Адам,
Үйіме көркем гүл келді!..


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері