Өлең, жыр, ақындар

Бұл Ақмола, Ақмола...

  • 31.03.2022
  • 0
  • 0
  • 982
Бұл Ақмола, Ақмола..
Ұлы тарих Сан ғасырды көрген жер,
Жау-дұшпаннан талай қатер төнген жер.
Тұңғыш қазақ Президенті — Нұрсұлтан,
Астананы өзі бастап келген жер.
Ақмолаға тағдыр жазып келем мен,
Сырласамын әрбір ағаш өлеңмен.
Осы жерде ханы болып қазақтың,
Абылайхан жүрді десе сенер ме ең?!
Осы жерде батыр да өткен, хан да өткен,
Ғасырлармен күн де туып, таң да өткен.
Құс қиқулап, жаз жапырағы жайқалып,
Бүршік жарып, келіп жеткен сан көктем!
Күндер болған, бүгін шуақ төккендей,
Құс-сезімдер ұшқан көкке кептердей.
Осы жерден жыр боп өткен Мағжан да,
Қайғы мұңын қос пар атқа жеккендей!
Кімдер келіп, кім өтпеді сол көшпен,
Ерлер өтті, халқым, жұртым, ел дескен.
Осы жерден "Оян, қазақ" дей алған,
Міржақып та сапар тартып, жол кешкен.
Ертеңменен өлшенеді бүгінгі,
Адам басы қайда қалмас жұмырлы.
Осы жерде Сейфолланың Сәкені
Сан адасып тағдыр тартқан ғұмырлы!
Өз орнына қояды өмір өзі-ақ кеп,
Тірі адамға көз тіріде тозақ көп.
Адасса да қазақ үшін адасқан,
Оққа ұшса да, құрбан болған қазақдеп.
Ғұмыр өтер, бар ма ажалға амалы,
Бар бораны, дауыл, желі, самалы.
Тиген жер ғой, бұл Ақмола, Ақмола,
Талай ұлы қазақтардың табаны!

2 наурыз 1998 жыл
Ақмола шаһары



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Болады дейсің не деуге

  • 0
  • 0

Болады дейсің не деуге,
Жыр жаздым бүгін Медеуде.
Таппадым іштей асыл сөз,
Медеуді неге теңеуге?!

Толық

Ауылдан қалаға келген азаматқа сыр

  • 0
  • 0

Ұялап қалса шаһар санаңызда,
Жүрек құрғыр елеңдер далаңызға.
Ауылда—
Алдан шығар аласа үйлер,

Толық

Күзде құстар тастап ұшар ұясын...

  • 0
  • 0

Кезем десең дүние неткен кең еді,
Теңіздерден көрем жүзген кемені.
Тұрақтамай көкте бұлттар жөңкілген,
Тұрақтамай жел де сапар шегеді.

Толық

Қарап көріңіз