Өлең, жыр, ақындар

Ақындар Меккесі

  • 31.03.2022
  • 0
  • 0
  • 869
Рымғали Нұрғалиевке

Ақындардың Меккесі – Шыңғыстауым,
Ұлылық туын тіккен тұңғыш тауым.
Әуезов тойына елім бет алғанда,
Реке, мүмкін емес бірге ұшпауым.
Екі рет қарсы алғанды жыр кеңісім,
Жалауын көтергендей бір жеңісім.
Ақындық Меккесіне үшінші рет,
Санасам ойша жорып бұл келісім.
Оятты Абай жыры қанша арманды,
Жүрегім, жыр жүрегім ән салған-ды.
Есімде Шыңғыстауға келдім алғаш,
Шәкәрім Ахат ағам қарсы алған-ды.
Өткізіп гүл көктемін, гүл жаздарды
Қабылдап талай сері, сырбаздарды.
Осы жер, осы үстел Абай атаң,
Жастығын жастап жатып жыр жазған-ды.
Деді Ахат, серейген сол бойыменен,
Оралып жадына жыр, ойына өлең.
Сезімім қуаныштан бір лап етіп,
Кездестім поэзия тойыменен.
Көңілің көл дария көрсең рахат,
Мен үшін бұл бір Мекке сенсең рахат.
− Сәлден соң ораламын, өлең жаз, — деп,
Табанда болды жомарт еңселі Ахат.
Бір әуен жүрек тұсқа бойлап жетті,
Жұлдызды жанғандайын жинап көкті.
Абайдың үстеліне жалғыз тастап,
Айналдым, Ахат ағам сыйлап кетті.
Бірі сол ақын болып туған күннің,
Шөлімді кәусар жырмен бір қандырдым.
"Абай қабірі басыңда туған ой" деп,
Сол шаңырақ басына жыр қалдырдым.
Бір белгі қалып жатты кез-кезімнен,
Жүрекпен қашап жазып, сөзді өзімнен.
Ғажапқа куә болып екінші рет,
Көрдім мен Абай тойын өз көзіммен!
Қабіріне бас идік гүл апарып,
Абай, Мұхтар шықкан жер — ұлы атанып.
Әуезов тойыменен үшінші рет,
Мен тұрдым ұлы жерден қуат алып.
Күй толғап Қаратаудың шертпесімен,
Осымен үшінші рет беттесіп ем.
Ақындар қажысы боп мен оралдым,
Шыңғыстау — ақындардың Меккесінен!

30 қазан 1997



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жүйрік дала

  • 0
  • 0

Қазақтың қандай шалқар кең даласы,
Жеткізбес ентіктіріп ен даласы.
Жарысып жүйрік осы даламменен,
Келемін зулап ағып мен баласы.

Толық

Шөл даланың ұлымын

  • 0
  • 0

Шөл даланың ұлымын,
Шөл далада көп жүрдім.
Шөл даланың ұлымын,
Шөл даланы төр білдім.

Толық

Кел, Жаңа жыл...

  • 0
  • 0

Кел, Жаңа жыл, жыл құсындай самғап кел,
Арманымдай айтылмаған әнді ап кел,
Қайғырғынның қайғы-мұңын ұмыттыр,
Қуанғанның қуанышын жалғап кел!

Толық

Қарап көріңіз